Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзін-өзі бағалауы » №2 В.Терешкова атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"№2 В.Терешкова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзін-өзі бағалауы
01
июнь
2023

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзін-өзі бағалауы

2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік бақылау жұмысының сараптамасы

 «Талдаусыз ақпарат өлі, ал

мақсаты жоқ болса бақылаудың да қажеті жоқ»


         Ю.А.Конаржевский Мақсат қоюшылық және талдау қызметтерімен терең байланысты мектепішілік бақылау басқарушылық қызметтің негізгісі болып есептеледі. Мектептегі бар жұмыстың түбегейлі нәтижеге жетуінің күре тамыры мектепішілік бақылауда тұрғанын байқаймыз. Мектепішілік бақылау оқушылардың білімі мен тәрбиелілігінің деңгейі жөнінде жүйелі мәлімет береді. Егер мектептің жұмыс жоспары нақты, жүйелі, мазмұнды жасалса, мектепішілік бақылау орынды қойылса, тиімді нәтижеге жетер едік. 


Міндеттері:

*білім беру саласындағы заңдылықтарды, мектептегі нормативтік құжаттардың жүргізілуін, педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын қадағалау;

*тәртіп бұзушылықтың себептерін анықтап, ескертулер бойынша шара қолдану;

*педагогикалық ұжым қызметінің сапалығын бағалау мен сараптау; *педагогикалық қызметтің қорытындысын оқып-білу, мектептегі нәтижелер мен кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмау үшін озық тәжірибелерді тарату;

*мектепішілік бұйрық пен нұсқаулардың орындалуын талдау;

*бақылау кезінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету


Бақылау мазмұны:

  • ҚР «білім туралы» заңының орындалуы
  • Білім беру сапасында әдістемелік нұсқауларды пайдалану
  • Міндетті оқу бағдарламасын және оқу жоспарларын жүзеге асыру, бекітілген сабақ кестесін қадағалау;
  • Мектеп құжаттарының жүргізілуі /жоспар, сынып журналы, күнделік, дәптер, сыныптан тыс іс-шаралар журналы және т.б./
  • Оқушылардың білім, білік, дағдылары және білім сапасы
  • Мектеп ережесі, ішкі еңбек тәртібінің сақталуы
  • әкімшіліктік, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстары, қорытынды аттестаңияның өткізілу тәртібін бақылау
  • шығармашылық топ, әдістемелік бірлестіктердің, кітапхана жұмысын бақылау
  • тәрбие жұмысы бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижесі
  • оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету
  • қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың денсаулығын сақтау
  • нормативтік актілер мен ұжым қабылдаған шешімдердің орындалуы
  • санитарлық талаптардың орындалуын бақылау


Тексеру әдіс-тәсілдері:

  • сауалнама
  • тестілеу 
  • әлеуметтік сұрақтар
  • мониторинг
  • жазбаша және ауызша сұрақтар
  • құжаттарды тексеру
  • әңгімелесу
  • бақылау жұмыстары.


      2022-2023   оқу жылында мектепішілік бақылау оқу-тәрбие процесіне жаңа технологияларды енгізу негізінде жүзеге асты. 


Жалпыға бірдей міндетті оқуды бақылау. Оқу жылының басында мектепте 2020 оқушы, соңында 2014 оқушы болды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда контингент көбейді. Білім алушылардың білім сапасы бастауыш және негізгі мектепте артады. Ал жоғары сыныптарда білім сапасының төмендеуі байқалады. 1,5,10-сынып оқушыларының бейімделу процесі бақылауда болды.   Бейімделу деңгейін анықтау мониторингі өткізілді. Оқушылардың бейімделуі жөніндегі сұрақтар директор жанындағы мәжілісте қаралды.

Мектепте 1-сыныптар саны-7 Оқушы саны-220. Сынып жетекшілері: 1а-Мамесалиева Ж, 1ә-Дунгенеева К, 1б-Пинягина И, 1в-Захарченко П, 1г-Лисько А, 1д-Алиева Т, 1е-Шереметова Н. 1-сынып оқушыларының бейімделу деңгейінің диагностикасын мектеп психологтары Бурабаева Г, Гучимина К өткізді.  Нәтижелері төмендегідей: сынып жетекшілері мен оқушылар арасында қарым-қатыныстары жақсы даму үстінде. Сабақ үстінде психологиялық кеңістік сақталады. Оқушылар сауат ашу пәнінің барысында берілген тақырыптарды мән беріп, тыңдап, сұрақ-жауаптарды тапсырмаларды орындап, жауап беруге, өз деңгейлерінде жауап беруде. Дегенмен оқушылардың тыныштық сақтау бірін-бірі тыңдай үшін сабақта қызықты материалды кең қолдануда. Математика пәні бойынша оқушылар сабаққа бейімделген, кей бала қол көтеріп жауап берді. Орнынан жауап беретін бала басым. Балалар математикалық тілде сөйлей алады. 

5-сыныптар саны-7. Оқушы саны-218. Сынып жетекшілері: 5а-Нармаганбетова Т, 5ә- Худайбергенова М, 5б-Омарова С, 5в-Жаксылыкова А, 5г- Каинбаева Л, 5д-Шахова М, 5е-Мамутова Д.  5-сынып оқушыларының бейімделу деңгейінің диагностикасын мектеп психологтары Бурабаева Г, Гучимина К жүргізді. Нәтижелері төмендегідей: Оқушыларға жаңа келген сынып жетекшілері ұнайды, жаңа қосылған пәндер оқушылардың 70 пайызына ұнайды. Сыныпта ауызбіршілік орташа, оқушылар қоңырау кезінде, сабақ үстінде мектеп ережесіне онша бағына бермейді. Оқушылар сабақ арасында сөйлеп отырады, тапсырманы өз беттерінше орындай алмайтын оқушыларда бар, пәнге деген қызықушылықтары орташа, пән мұғалімдерінің уақытын алып, сабақ өтуге мүмкіндік бермейтін оқушыларда бар. 

10-сынып оқушыларының оқу пәндерінен аса қиыншылықтары байқалмаған. Оқушыларға сабаққа толық қатысады, сыныпта ауызбіршілік қалыптасқан, ұйымшыл. Тәртіптері жақсы, үлгерімдері орташа.  

Үйден оқыту сараптамасы. 2022-2023 оқу жылында 22 оқушы үйден оқытылды. Олар: Тельман Толағай 6А, Бадт Максим 10в, Широков Максим 9В, Галиакпар Саян 9б, Телеуова Айсу 8В, Ілияс Ержан 8А, Сайден Ерасыл 7Г, Губрак Богдан 5Г, Шахпазов М 4Е, Кафтан Эдуард 4ж, Полосов А 8г, Сагадиев Эмиль, Курманжан А 4в, Белазерова О 9г, Давришев С 8б, Ерланұлы Ерасыл 1а, Баширова Аделина 6г, Шубина А 6е, Ермек Арсен 9ә, Алиев Амир 5б, Қалыбай Алихан 4б, Руссов Роман 9е. Үйден оқытудың жұмыс жоспары: 

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 31 тамыздағы №1119 қаулысы;

-медико-педагогикалық кеңес қорытындысы;

-ата-аналардың жазбаша өтініші   негізінде жасалды.

        2022-2023 оқу жылы мектеп жаратылыстану-математика бағыты   бойынша  жұмыс істеді. 

Оқу пәндерінің жүргізілуін бақылау.

Оқушыларды сапалы дайындау үшін мұғалімнің өзінің жұмысында жүйелілік болу қажет. Оқушылардың біліміне қойылатын талап деңгейі, оқушылардың білім білік дағдылары бойынша мұғалімдердің атқарған жұмысы, пәндік біліктерін қалыптастырудағы мұғалімдердің жұмысы, оқушылардың жіберген кемшіліктерін жоюдағы, даму деңгейі әртүрлі балаларға жеке жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің жұмысы бақылауға алынды. Білім мазмұны, білім алушылардың пәндер бойынша дайындық сапасы мен деңгейі мемлекеттік стандартқа сай болуы, мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейлері, мұғалімдердің теориялық және әдістемелік дайындық деңгейлері бақылауға алынды. Бақылау нәтижесі қатысқан сабақтардың көбінде мұғалімдердің жаңа материалды түсіндіруі жеткілікті дәрежеде екенін, оқушылар іс-әрекетін белсендіру әдісі қолданылатыны байқалды

Білім,білік,дағдыларын бақылау.

Жыл бойы әкімшілік тарапынан бақылау жұмыстары алынып, мониторинг жүргізілді. Бақылау қорытындысы көптеген оқушылардың сабаққа жүйелі дайындалмайтындықтарын,  көп  кемшілік жіберетіндерін көрсетті. Ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқ екендігін көрсетті. Бақылау жұмыстарының, ТЖБ, БЖБ  қорытындысы бойынша мұғалімдер сараптама жасап, оқушылардың жіберген кемшіліктерін анықтады.

Мектеп құжаттарын жүргізуге бақылау.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес төмендегі мектеп құжаттары тексерілді:

Бірыңғай орфографиялық режимнің сақталуы (дәптерлер, күнделіктер, журналдар, жеке іс қағаздары), сынып жетекшісінің жұмысы, пән мұғалімдерінің сынып журналымен (Күнделік.кз жүйесі)  жұмысы, баға қоры, бағалардың дұрыс қойылуы, БЖБ, ТЖБ баллдарының уақытысында қойылуы,  пәндер бойынша бағдарламаның тәжірибе бөлігінің өтілуі, оқу бағдарламаларының орындалуы, олардың тақырыптық жоспарға сәйкестігі. Сабақ кестесіне сәйкес  пән мұғалімдерінің сынып журналын, электрондық журналдың  уақтылы толтыруы үнемі бақылауда болды. Сынып журналын, Күнделік.кз электрондық журналын уақытында және дұрыс толтырмайтын жағдайлар кездесті. Сынып журналдарын, Күнделік.кз жүйесін тексеру қорытындысының анықтамалары директор жанындағы мәжілісте қаралды. Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары мемлекеттік білім стандартына, оқу бағдарламаларына сай жасалған. 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік бағдарлама 100 пайыз орындалды.

    Мұғалімдерді аттестациялау-педагогикалық біліктілікті көтерудің құрамдас бөлігі. Аттестация мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, шығармашылық белсенділігін  арттырып, педагогикалық еңбектің нәтижесін көрсетеді. Биылғы оқу жылында аттестациялаудан өткен мұғалім жоқ. 

Тәрбие жұмысының жүргізілуін бақылау.

Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың ҚР рәміздерін білу деңгейі, тәрбие жұмысының жағдайы, оқулықтар күтімі, құқықтық тәрбие, «Тіл туралы» Заңының орындалуы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, медбике жұмысы, «Мәңгілік ел» идеясының жұмыс жоспарының жүзеге асуы, Адал ұрпақ клубының жұмысы,  мектеп психологінің жұмысы, кітапхана жұмысы, рухани жаңғыру бағдарламасының іске асуы, асхана жұмысы, балалар құқығының сақталуы, оқушылардың жазғы демалысы, мектеп бітіру кешін өткізу жоспарының жүзеге асырылуы бақылауға алынды.   


Ұсыныс:

1.Барлық мұғалімдер кәсіби біліктіліктерін арттыру жолдарын жоспарласын.

2.Оқушыларға тек өз күштеріне сенуді үйретіп, оқуға қызығушылықтарын арттырсын.

3.Барлық мұғалімдер сабақта жаңа оқу технологиясын қолдансын.

4.Сабақта оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырсын.