Мектеп кітапханашысының өзін-өзі бағалауы » №2 В.Терешкова атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"№2 В.Терешкова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханашысының өзін-өзі бағалауы
01
июнь
2023

Мектеп кітапханашысының өзін-өзі бағалауы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы

В.Терешкова атындағы орта мектеп КММ 2022-2023 оқу жылы бойынша

                                              мектеп кітапханасының  жұмысына

                                                         САРАПТАМА


         2022-2023 оқу жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыс атқарылды. Жыл басында жобаның мақсаты мен міндеттері және күтілетін нәтиже жоспарын іске ала отырып. жұмыстар жүргізілді.

Жобаның мақсаты:

 -    Оқу мәртебесін, оқу белсенділігін, сапасын арттыру.

 -    Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

 -    Отбасылық кітап оқу дәстүрін жалғастыру.

 -    Білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін, оқушыларға қажетті әдебиеттер табуға жағдай жасау.

 -    Аз оқитын, мүлде оқымайтын балаларды әртүрлі кітап байқаулары, ақын – жазушылармен кездесулер кітап көрмелері сияқты іс-шаралар арқылы белсенді оқуға тарту.

 -    Кітап оқуға ынталангдыру мақсатында ауқымды шаралар, байқаулар өткізіледі.


Жобаның міндеттері:

  • Оқырмандарға өзара жоба жүйесін қалыптастыру.
  • Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
  • Өскелең ұрпақтың рухан байлығын, ой-өрісін дамытып, жоғары эстетикалық талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де тәрбие   құралы- кітап екенін түсіндіру.
  • -«Буккроссинг»кітап алмасу қозғалысын дамыту.


Күтілетін нәтиже:


  • Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігі артады.
  • «Буккроссинг» кітап алмасу қозғалысы дамиды.
  • Оқырмандардың көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығы артады.
  • Электронды және аудио кітаптарды қолдана білуді меңгереді.
  • Оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған жоба жүйесі қалыптасады.


        Мектеп кітапханасы, бүкіл мектеп жоспар бөлімдерінің көмегімен, мектеп әкімшілігімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді. Мектеп   және кітапхана қызметінің негізгі тақырыбы; «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бұйрық негізінде жұмыстар атқарылды.Кітапхана қорын құру және ұйымдастыру, кітапхана қорын сақтау жұмысы, көркем әдебиет қорымен жұмыс жүргізу, анықтама библиографиялық және ақпараттық жұмыс, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, оқырмандармен жұмыс жүргізу, жыл бойы тұратын көрмелер: «Оқуға құштар мектеп», «Ертегілер әлемінде», «Өзің оқысаң, кітапханаға кітап сыйла», «буккроссинг», «жаңа түскен кітаптар», «табиғатты аялайық», «кітап-асыл қазына», «парасатты азамат», «бір ел-бір кітап», «болашақ бүгіннен басталады», «әр саладағы әдебиеттер», «анықтамалық әдебиет», әр түрлі тақырыптарға көрмелер ұйымдастырылған. Мектеп кітапханасына оқырмандар көп келеді.Оқырман саны 1490 тіркеліп, келу саны арта түсті 5990.Оның ішінде мұғалімдер де бар, жиі келіп кітап алатын мұғалімдер саны 89.

      Биыл 2022-2023 оқу жылында кітапханамыз жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді.Еліміздің басшылығының арқасында көптеген жаңа әдеби кітаптарға ие болдық. Әр кітаптың өзінің ерекшеліктері болды, әр келген оқырман қызыға келіп кітаптар алып оқуға құштарлықтарын көрсетті,мектеп бойынша көптеген іс-шаралар, кездесулер, талдау жұмыстары жүргізілді.Оның себебін, мына нәтиже арқылы көрсете аламыз.

 2022-2023 оқу жылындағы кітапхана бойынша мектепішілік жоспарға сәйкес 09.09.2022 жылы «Ұлттың ұлы ұстазы» / Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай жергілікті ақын-жазушы Шаяхмет Құсайынов пен композитор Мейрамбай мырзамен кездесу ұйымдастыру мақсатында  5 қыркүйек -тілдер мерекесіне арналған іс-шарасының анықтамасы жазылып, нәтижелері 1.Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

2.Ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеуіне үлес қосуға тәрбиелеу.

3. Композитордың шығарған шығармаларымен танысу

     Басталуы: Әдемі сазды әуеннің үніменен 4 мұғалім сахнаға шығып Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ қалпы» өлең жолдарын оқып, кіріспе сөз айтты.

 Әр дәуірде лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді.Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл- парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді.Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.- деп өз сөзін аяқтады.


          Ақын-жазушысы Шаяхмет Құсайынов өзінің өмірінен байланысты шығармасымен таныстырды.

         Композитор керемет әнімен іс-шарамыздың сәнін кіргізді.

    Оқушылар өлең шұмақтарын оқыды .Экран арқылы видеоролик көрсетілді.  Мұхтар Әуезов туралы өлеңдер мен мәліметтер айтылды. Өмірі мен қызметі туралы слайд ұсынылды.Мұхтар Әуезов атамыздың жолын қуып, домбыраның құлағында ойнайтын майталман оқушыларымыз ортамызда бар екен. Ендеше біздің мектебіміздің күйшілерін ортаға шақырамыз деп, жүргізушілер әр айтылған сөздерге қорытынды сөздерін айтты.


 


Тіл мерекесіне байланысты ағылшын тіл мұғалімдермен бірлесе  отырып, ағылшын шетел азаматымен  «Speaking club» с носителем языка Nvaby Paul кездесу өтті.

    Оқушыларды шетел азаматымен таныстыра отырып, ұстаздар өткізу мақсатын таныстырып өтті. Әр оқушы өздері дайындаған сұрақтарын ағылшын тілінде қойды.Бірінен соң бірі қызықты әңгіме құрып өтті. 

Сұраққа толық жауап берген шетел азаматы ойын түрінде қызықтырды.

          Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері өздерінің оқушыларының білімдерін көрсетуде көптеген мәліметтерді ағылшын тілінде айтқызды. 

Біздің оқушыларымыз сондай тартымды сұрақтарды қоя отырып, мағлұматтар алды.Іс-шара өте қызықты өтті.Болашақта көптеген іс-шаралар, кездесулер жиі өтуін айтып өтті. Қонағымыз риза болып қайтты.Біздің мектептің қонақжайлығына ризашылығын білдірді.

























Қазан айының 14- күні ұйымдастырылған  1001 мақал, 101 жұмбақ сайысы бойынша 5 А,Ә сынып  оқушыларының өткізген іс-шарасы өз дәрежесінде өтті.

Өткізу мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ жайлы білім беру, білімдерін жинақтау, толықтыру, пысықтау.

   Міндеттері: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын,ойлау қабілетін дамыту, топ алдында сөз жүйесін  таба білуге үйрету.Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыру тәрбиелеу.

   5А,5 Ә сынып жетекшілері Худайбердиева мен Нармагамбетова кіріспе сөз айтты. Мақал- мәтел, жұмбақ – ата- бабамыздан қалған өшпес мұра. Олар көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді. Ал жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.дей отырып, 5 сынып оқушыларының сайысын бастаймыз деп аяқтады.

    Әділ- қазылар алқасын сайлады.

Оқушылар сайыстар арқылы жарысты. «Сиқырлы ұяшықтар» арқылы мақал мен жұмбақтар шешілді. Жеңіске жеткен оқушы марапатқа ие болды.

       Қазан айында Менің Отаным Қазақстан атты тәрбие сағаты өтіп, көрме ұйымдастырылды.Осы айда кітапханашылар күніне орай 6 сынып оқушыларымен іс-шара ұйымдастырылды.Көрме, құттықтау жұмыстары өткізілді.Қазан айында 6 сынып оқушылары «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты білімділер сайысын өткізді.   

Қараша айында аудандық кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып «Ұлттық валюта күніне» орай 9 сынып оқушыларымен  іс-шара өткізілді.

Өткізу мақсаты: Оқушыларды Қазақстандық валюта туралы айтып түсіндіру, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихын зерттеу, айналымда жүру бойынша мәлімет беру.Теңге, доллар, рубль ақшасының пайдалану жолдарын үйрету

1Б сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап пен оқу жолдарын түсіндіру мақсатында өткізілген әңгіме шарасы өз дәрежесінде өтті.

Өткізу мақсаты: Оқушыларды мектеп кітапханасы ережесі мен тәртібі    туралы айту.Саяхат жұмыстарын жүргізу.

      Мектеп кітапханасына 1 Б сынып оқушыларын кітапхана ережесімен таныстыру, оқуға тарту, қызықты ертегілер бойынша сурет салу, мазмұндау әрекетерін орындау мақсатында түсіндірілді.

        Оқушылар қызыға тыңдап, қызықты ертегілермен танысып шықты.

Оқушыларды кітапхана тәртібімен таныстырылды.Әр сынып сағаты өткізілгенде баланы оқуға тарту мақсатын бірінші орынға қоюды ұмытпау.

1 Б сынып жетекшісі Алиева Телли оқушылармен қарым-қатынасы жақсы екенін байқатты, балалардың қызығушылығы жоғары дәрежеде болды.

Болашақта оқушылармен кітапхана байланысы болатынын ескертті. 

 2022 жылдың  қазанның 18-күні ұйымдастырылған 

Мектеп бойынша әдістемелік бірлестікпен «Оқуға құштар мектеп» жобасын талқылау отырысы болды.

 Өткізу мақсаты: Әдістемелік бірлестік бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда, мектеп мұғалімдер, оқушылар арасында оқуға құштар  жұмыстарды нығайту.Өзара атқарылатын жұмыстарды іске асыру.

 Қатысқан мұғалімдер: Бірлестік жетекшілері

                                         Әдістемелік оқу ісінің орынбасары

                                          Кітапханашылар 

Әдістеме оқу ісінің меңгеруші Райымкулова Айнур Серикбаевна өзінің өткізу мақсатын түсіндіріп өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда мұғалімдер арасында оқылған шығармаларды талдау жұмыстарды жүргізу,сонымен қатар іс-шара өткізу орындалу керектігін айтып өтті.

Мектеп кітапханашы Сыбантаева Ботакоз Бекеновна кітап оқу мақсатында Мухтар Ауезовтың туғанына 125 жыл толуына байланысты көлемді мұғалімдер арасында іс-шара өткізуді ұсынды.

     Пән бірлестік жетекшілері айтылған ұсынысты қолдап,ары қарай жұмыстарды іске асыруды  құптады.Асел Маратовна бастауыш сынып бірлестік жетекшісі- Кітап оқу жұмысын жандандыра отырып, жылдың соңында үздік оқырман марапатын беруге болады.Атаулы ақын жазушылардың шығармасын оқып соны сахналық көрініс немесе көркем сөз оқу деген сияқты конкурстан ұйымдастырайық. Лариса Викторовна тарих пәнінің бірлестік жетекшісі- қызықты ұсыныстар айтты.

2022 жылдың қазан айының 21 –күні өткізілген  «Менің Отаным- Қазақстан» 25 қазан- Республика күніне орай  9 Е,7 Е, 10 А сынып оқушыларының челлендж бойынша өткізген

 тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті

 Өткізу орны: Кітапхана

Мақсаты: Оқушылардың рухани байлықтарын дамыту, өз Отанын құрметтеу, сүйіспеншіліктерін арттыру.Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.

    Лариса Викторовна,Адинаева А.,Толеухан Е, –сынып жетекшілері өз сөздерін ала отырып, 25-қазан Республика күніне орай өткізіліп жатқан тәрбие сағаттарының мақсатымен таныстырып өтті.Оқушылар өздерінің дайындаған жұмыстарын көрсетті.

           Мектеп кітапханашысы Каспакбаева Лязат Жакуповна, Сыбантаева Б.Б. көрме ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Әр сынып өздерінің дайындаған челлендж жоспарын іске асырды. 

      9 е сынып оқушылары дайындаған көркем сөздерін оқыды.Қысқаша видеослайд жұмыстарын тартты.

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол- Қазақстан.1990 жыл 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады.Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты,- деп өз сөзінде көрсетті. 

       «15 қараша – День национальной валюты Казахстана» атты аудандық кітапхана мен мектеп кітапхана қызметкерлерімен бірлесе өткізген іс-шара жақсы өтті. 

Өткізу мақсаты:  Оқушыларды Қазақстандық валюта туралы айтып түсіндіру.Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

Білімділік: Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. 

Өткізу барысы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Оқушыларды үш топқа бөлу: теңге, доллар,рубль.

 -Ұлттық валюта күні?

 -Тиында не бейнеленген?

 -Теңгенің алғашқы нұсқасы қай елде шықты?

       Аудан кітапханашы Рокко Галина Романовна оқушыларға өткізу мақсатын таныстыра отырып, өзінің дайындаған кіріспе сөзін оқып шықты.

      Теңгенің тарихы КР Президентінің 1993 жылдың 12 қараша қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы»Заңының бастау аладды.Арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда- саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді.Ескі үлгідегі ақшаны Қазақстанның жаңа теңгесіне айырбастау 20 қараша күні аяталды.Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды.Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті,- деп өз сөзін аяқтады. 

     Мектеп кітапханашы Каспакбаева Лязат Жакуповна    дайындап қойған топ теңгелерін оқушыларға ұсынып, олардың түсінгенін сұрап өтті.Әр оқушы өздерінің сөздерін айтты.

Кезек –кезек дайындаған ҚР валюта туралы әңгімеледі. Сұрақ-жауап алынды.






[U1]


«Оқуға құштар мектеп» жобасына байланысты Ахмет Байтурсыновтың 150 жылдығына орай аудан көлемінде шығармалары мен өлеңдерінен аудандық байқау өтті. Аудандық байқауға 9 сынып оқушысы Фазыл Жансая қатысып, мәнерлеп оқудан марапат алды. Желтоқсан айында 4 д сынып оқушыларымен қазақ тілі пән мұғалімі Омарова Разима «Абай Құнанбаев - өмірбаяны» викториналық сұрақтар аясында іс-шара өткізілді.






















    Желтоқсан айында 7 А мен 7Ә сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ атты сайыс өтті.

Өткіз мақсаты: Оқушыларға ата-бабамыздың қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал мәтелдер екенін түсіндіру.Оларға мақал мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттерге адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, оқушының ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

    Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай 8 сынып оқушыларының дайындаған іс-шараның анықтамасы Өткізу мақсаты:Балалардың Отаны, рәміздері, елбасы, желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Мәнерлеп өлең оқу,сахналық

 Көріністі нышанына келтіріп өткізу, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еліне деген құрметтерін нығайту.Әнұранды орындау.

















    Қаңтар айында Мұқағали Мақатаев 92 жыл «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» тәрбие сағатын өткізу барысында 9 д сынып жетекшісі Харченко Ю.С. өткізу мақсатымен таныстырып өтті. Оқушылар Мұқағали туралы орыс тілінде толық мәлімет беріп өтті.




Ақпан айында Мұқағали Мақатаевтың  «Жырлайды жүрек» атты кеш өткізілді.Кеш өте әсерлі болды. Өткізу мақсаты: Ақиық ақын артына өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.Мұқағалидың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігініңғ сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсынды. 

     Ақиық ақын артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.

Мұқағалидың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсынылды.

Көрнекілігі:слайд, кітап көрмесі, ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.

      Сахнада ақын жайлы слайд « Есіңе мені алғайсың»әнімен басталды.

 Жүргізушілер бірінен бірі керемет сөздерін айтты.

Сахналық көріністер қойылып оқушылар керемет әсерде қалды.

Келесі кезекте ақынның туған жер, Отан туралы жырлары бой алды.

Оқушылар керемет дайындалғандары көрсетті.

 Кеш ақынның үзінді өлеңімен аяқталды.

                                     Шын жыр үшін туылған шалқар едің, 

                                      Шындық үшін туылған арқалы едің.

                                       Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,

                                      Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің- деген жыр жолдарымен кешіміз аяқталды.


       Қаңтар айында  10 А сынып оқушыларымен ұйымдастырылған Оралхан Бөкейдің 

80 жылдығына орай «Алтайдың асқақ жыршысы» тақырыбына өткізілген 

 іс- шара ұйымдастырылып өтті.

 Оқушыларға жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, туған жерге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, жазушының 

шығармалары арқылы адамгершілікке, жауапкершілікке, барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әдеби кітап оқуға тарту.

Кітап көрмесі,  суреттер, қанатты сөздер,слайдтар ұйымдастырылды.

     Мектеп кітапханашысы Сыбантаева Ботакоз «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жүргізілетін жұмыстарды таныстырып өтті. Өткізілетін әр іс-шара мазмұнды да  мағыналы болу тиіс,- дей отырып қысқаша мәліметтер айтып өтті.

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лена Манасқызы Нурсейтова оқушыларға өткізу мақсатын айтты.Іс-шараны бастамас бұрын  Оралхан Бөкейдің өмірінен үзіндіге шолу жасалынды.

     Оқушылар дайындаған мәліметтерін ортаға салды.

     Мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Ертаева Акмарал Кадирбековна- Сынып оқушыларға алғысын айтты.










      Мектеп кітапханашысы Каспакбаева Лязат Жакуповна- ақын-жазушылар туралы біліп оқығыларың келсе кітапхана келіп білімдеріңді нығайту. Әр жазушының мәліметтерін ала аласыңдар,көптеген іс-шараға белсенділік танытуды сұраймыз деп өз сөзін аяқтады.

Наурыз айында   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 Ә сынып оқушылары

 Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасы бойынша қойылған

сахналық көрініс өткізді 

Өткізу мақсаты: Оқушылардың оқу сауаттарын дамыту, ой өрістерін арттыра отырып, білім деңгейлерін жаңғырту. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларды көп оқуға тарту, оқылған шығарманы талдауға дағдыландыру, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту. 

Жүйелі іс әрекеті: Мәтін мазхмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштьату.

Тұлғалық нәтиже: Мәтіннің көңіл күйін, автордың көзқарасын танып білуге қабілеттерін жетілдіру.

Көркем сөйлеу тілін,ойын, шығармашылық қиялын ұштай түсу.

Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

     Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі барысында көптеген іс-шаралар жүргізілді. Соның ішінде оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын толық оқып, соған орай сахналық көрініс ретінде қойылым қойып шықты.

Өздерінің шығарманы толық түсініп, оны сахна төрінде практика жүзінде көрсетті.

Әр оқылған шығармалары талдау жасалынып тұр.

Оқушылардың оқу сауаттары анықталып отырылады.Оқушылар осы шығармаға байланысты киімдерін киіп сахна төрінде көріп жүрген фильм көрсетті.Қойылған сахналық көрініс өте әсерлі болды.  

        Наурыз айының 10 күні  Халқының лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 

125 жыл толуына  орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  7 В сынып оқушылары 

«Ұлттың сүйген ұлы жүрек»   атты өткізген  сынып сағаты өткізілді.

Өткізу мақсаты: Оқушылардың Мағжан Жұмабаев қазақ өлеңінің ұлттық бояуымен рухын ұстана отырып, оны түрлендіріп айтқан, адам жанының сұлулығы мен сыр сымбатын жырлаған, осылайша қалың оқырманның жүрегіне жол ашқан халқының білікті де парасатты ақыны. Өлмес өлең тудырып, артына өшпес із қалдырған, осы бір Мағжан сынды ғажайып ақынның аруақты жырына тағзым еткен абзал туралы айтылды.  Мектеп кітапханашысы Каспакбаева Лязат Жакуповна кіріспе сөзін айта отырып,атқароылған жұмыстар туралы шолу жасады. «Оқуға құштар мектеп»  жобасының іске асырылып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.Мағжан Жұмабаев туралы мәдениетті зор ақын, сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай...Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бой ұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз- деп Мағжан айтқандай біз көп оқып өздеріміздің білімдерімізді толықтырып отыруымыз қажет.

Сынып жетекшісі Зарипова Гулсина Рафаэловна Мағжан туралы дайындаған электрондық нұсқауын ұсынып толық мәлімет беріп отырды.Әр берер сөздің басында өзі өлең шұмақтармен бастап отырды. Әр оқушының дайындығы бар екені байқалды. 


            


Сәуір айында 6 д сынып оқушылары Гофман Мышыный «Король Щелкунчик» сахналық көрініс өтілді.Сыныпта өткізілген көрініс өте әсерлі және тартымды болды.Орыс тілі пәнінің мұғалімі өзінің сыныбында әр оқушыға театр костюмдерін кигізіп қызықтыра түсті.Қосымша материалдары тіркелген./ қосымша 1/

Наурыз айында көрнекті жазушы,қоғам қайраткері Кемел Тоқаевқа арналған «Кемел Тоқаев- детектив жанрының дарабозы» атты еске алу  бойынша 8 Д сынып  оқушыларының дайындаған  сынып сағаты.

Шараның мақсаты: Ұлттық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға Кемел Тоқаевтың шығармашылығын таныстыру. Музыка пәнінің мұғалімі Кобланова Кумысай апай  Кемел Тоқатаев туралы өз сөзін бастады. Кемел Тоқаев қазақ әдеби ортасында кеңінен танымал, ол Қазақстанда детектив жанрының негізін қалаушы.

     1948 жылы ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.Республикалық газет-журналдар редакцияларында жауапты қызметтер атқарды,Қазақстан жазушылардың кеңесшісі болды.Үштөбе қаласында мектеп атауы берілген. Кемел Тоқаев –жазушы,журналист, қайраткер.

      Сәуір айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Памятники глубокая история и высокое почтение» атты іс-шара аудандық кітап қызметкерімен бірлесе отырып іс шара жүргізілді.

Өткізу мақсаты: 18 сәуір- Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай, сондай-ақ, Есік қаласындағы атақты ескерткіштер туралы айту, олардың тарихтарын зерттеу.

       Мектеп кітапханашысы Каспакбаева Лязат Жакуповна 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне арналған тыс іс-шараны өткізе отырып, оқушыларды өткізу мақсатымен таныстырып өтті. Өзіміздің жерімізде орналасқан белгілі ескерткіштер мен мұражайлар туралы кіріспе сөзін бастап, оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойды. Оқушылар өз ойларын бірінен -бірі қалмай жауап берді. Әр тақырыптағы ескерткіштер туралы толықтай жауаптар жасалынды. Алматы облысы бойынша көптеген мәдени –тарихи ескерткіштер туралы кеңінен көрсетілді.

Айтылған мәліметтер толықтырылды.Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі.Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес ассамблеясы белгіленген.Мерекенің басты мақсаты- тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.Ескерткіштер- ел тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді.Осы бағыттағы халықаралық актілердің арасынан көптеген тарихы орындарды қорғау мәселелері қозғалған.- дей отырып мектеп кітапханашысы көптеген мәліметтер беріп өтті.      

Мектеп оқырмандары биылғы оқу жылында өздерінің белсене кітап оқығандарын көрсетті. Әр оқырман айына екі рет кітап оқуды дағдыға айналдырды. Оқу сауаттары артып, көптеген іс-шараға белсене қатысқан оқушылары артты. 

       Мектеп оқушылары мен ата- аналарымен демалыс кездерінде кітап оқуды үздіксіз орындалды. Әр оқушы өз отбасымен кітап оқып, ертегілер еліне саяхат жасап, суреттерін 

парақ бетіне түсіріп отырды.




        2022-2023 оқу жылы бойынша мектеп толық оқулықтармен қамтылып шықты. Оқырмандарымыз оқуға қызығушылықтарын арта отырып, іс-шараларға атсалысты.Сыныптан сыныпқа кіріп кітап оқуға насихат жұмыстарын жүргіздік.Мектеп кітапханасы бекітілген жұмыс жоспары толық орындалды.

         Алдағы 2023-2024 оқу жылына қойылатын міндеттері:

   Жеке тұлғаның негізгі және қосымша бағдарлы білім беретін бағдарламаларды игеруіне қажетті жағдай жасау, оқулықтармен қамтамасыз ету.

    Оқуға құштар мектеп жобасын жандандыру.

    Оқырмандар санын молайту.

    Ата- ана, мұғалімдер арасында тығыз байланыста болып кітап оқуға тарту.

    Мектеп ұжымын оқырман есебіне алып, әр оқушымен кітап оқып, оқушылардың қызығушылықтарын артыру.