Рухани жаңғыру » №2 В.Терешкова атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"№2 В.Терешкова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2018

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру
Бекітемін
Мектеп директоры ____________
А. Джарикбасова





«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
Тақырып: «Менің өлкем»





Жауаптылар: Ертаева.А.К
Каспакбаева.Л.Д
Кобланова.К.М
Маралбек.М.А





2017ж



«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
«Менің өлкем» атты іс-шара
Мәлімет
16.11.2017 жылы мектебімізде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағытындағы «Менің өлкем» атты салтанатты мереке өтілді. Мерекеге қаламыздың сыйлы тұрғыны Қазақстан жазушылар, Халықаралық жазушылар, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Шаяхмет Құсайынұлы және Есік қаласының өлке тану мұражайынан арнайы қонақтар шақырылды. Мектебіміздің кітапханашысы Каспакбаева Ляззат Жакуповна сөз алып «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағытындағы кітап, газет, журналдармен таныстырып өтті және де Шаяхмет Құсайынұлының кітабымен таныстырып өтті. Шығармашылығынан өлең шумақтары оқылды.Келесі сөзді қонағымыз Шаяхмет Құсайынұлына берілді. Шаяхмет Құсайынұлы:
Мен қазақ болып туылғаныма мақтанам
Өз Отанымды өзгеге сатпаған
Қорғау үшін қажет болса жан берем.
Қазақ болып туылғаныма мақтанам
Бисмилляһ деп ақ босаға аттаған
Ұлтым үшін қазаныңда қайнаймын
Керек болса лапылдаған от болам
Қазақ болып туылғаныма мақтанам
Бауырым деп бір-бірін жоқтаған
Тілім, дінін қаперімде жойылса
Дәл сол күні менде өмірден жоқ болам – деген керемет өлең жолдарын оқыды. Келесі кезек Есік қалалық өлке тану мұражайынан келген қонақтар сөз алып музей экспонаттарымен таныстырды.Мерекелік іс-шара оқушылардың әсем әндерімен жалғасты

img]http://tereshkova-enkaz.mektebi.kz/uploads/posts/2018-04/1523263960_1-1.jpg[/img]
Рухани жаңғыру[/center]






Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ертаева.А.К
Педагог-ұйымдастырушы Маралбек.М.А